$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Ұлттық қор – балаларға»: 46,8 млн доллар тұрғын үй мен білімге бағытталды

14.04.2026ж. 08:31
«Ұлттық қор – балаларға»: 46,8 млн доллар тұрғын үй мен білімге бағытталды
Фото: aikyn.kz

2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 273 371 өтініш орындалып, жалпы сомасы 46,83 миллион АҚШ долларынан астам қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды. 

Олардың ішінде:

— тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 29,40 млн АҚШ долларынан астам сомаға 171 696 өтініш орындалды;
— білім беру ақысын төлеу үшін 17,43 млн АҚШ доллары сомасына 101 675 өтініш.