$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өрт сөндірушілер жанып жатқан құрылыстан 10 газ баллонын алып шықты

14.04.2026ж. 10:13
Өрт сөндірушілер жанып жатқан құрылыстан 10 газ баллонын алып шықты
Фото: pixabay

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Ақтан Кереұлы көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыста өрт шықты.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер ықтимал ауыр салдардың алдын алу үшін үйлесімді және жедел жұмыс жүргізді. Жақын маңда орналасқан металл контейнерден көлемі 30 және 60 литрлік 10 газ баллоны шығарылды.

Құтқарушылардың кәсіби әрекеттері өртті толық сөндіруге мүмкіндік берді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және шаруашылық құрылыстар мен газ жабдықтарының жағдайын уақтылы бақылап отыру қажеттігін ескертеді.