$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада тағы бір тұрғын үйден өрт шықты

14.04.2026ж. 09:01
Астанада тағы бір тұрғын үйден өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Кеше түнде Нұра ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің электр қалқанынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде подъезден қою түтін байқалған.

Нақтыланған мәлімет бойынша, электр қалқаны шахтасында өрт бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін көтерілген. Құтқарушылар автосаты көмегімен 3 адамды құтқарды, олардың 2-еуі бала. Сондай-ақ баспалдақ маршы арқылы құтқару қалпақшаларын қолдана отырып 3 адам құтқарылды, олардың бірі бала.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.