Түркістан облысында оқушылар сабақ үстінде карта ойнаған. Әлеуметтік желіде тараған видео авторының айтуынша, бұл Сарығаш ауданында Мұқағали Мақатаев атындағы №38 мектепте болған жағдай. 11 сынып оқушылары сабақ үстінде топтасып, карта ойнап отыр. Ал мұғадім телефонмен сөйлесіп, өз шаруасымен айналысуда. Осы видеодан кейін балалардың ата-аналарына ескерту берілген. Ал 13 жылдық еңбек өтілі бар Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі өз өтініші негізінде жұмыстан кеткен. Түркістан облыстық білім басқармасының мәліметінше, аталған жағдайдан соң мектеп басшысы да қызметінен босатылған.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ:
Мектеп директоры өз келісімімен жұмыстан босатылды, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық міндетінен босатылды және әкімшілік құрамы (Директордың екінші тәрбие жөніндегі,бейіндік ісі жөніндегі оқу ісі жөніндегі орынбасарлар еңбекке жарамсыздық) жұмысқа келген күні лауазымдық міндеттен босатылатыны белгілі болды. Білім басқармасы оқушылардың қауіпсіздігі мен білім беру стандарттарының сақталуын жүйелі түрде бақылауға ұстайды.