$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Абай облысында «AMANAT» партиясының «Turgyndar Amanaty» жобасы аясында форум өтті

Абай облысында «AMANAT» партиясының «Turgyndar Amanaty» жобасы аясында форум өтті

Абай облысында «AMANAT» партиясының «Turgyndar Amanaty» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты өңірлік форум өтті. Жиынның мақсаты - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты тетіктерін әзірлеу. Форум ашық диалог форматында жүргізілді.  Мамандар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару бойынша тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Айта кетейік, Абай облысында бүгінгі таңда 2084 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген. Оның 734-і кондоминиум ретінде рәсімделген. Соңғы үш жылда 122 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Форум қорытындысы бойынша үй басқарушы төрағалар үшін «OSI-SKILLS» оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Заңды қабылдау бар. Енді оны халыққа түсіндіру бар ғой. Сол себепті біз саралап көрсек, көп сұрақтар бар. Осы жобаны алға тартып жатқандағы негізгі мақсатымыз – осы қабылданған өзгерістерді ОСИ, КСК төрағаларына жеткілікті түсіндіру. Біз форуммен ғана шектелмей, әр кездесуден кейін семинар-тренингтер өткізіп жатырмыз.