$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда әйелдердің ғылымдағы рөлі тақырыбында конференция өтті

14.04.2026ж. 19:00
Павлодарда әйелдердің ғылымдағы рөлі тақырыбында конференция өтті

Елімізде ғылымдағы әйелдердің үлесі 55 пайыз. Олар ашқан тың жаңалықтар қолданысқа енгізіліп, өз нәтижесін беріп жатыр. Павлодарда  әйелдердің ғылымдағы рөлі тақырыбында конференция өтті. Шара «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының қолдауымен ұйымдастырылды. Жиынға «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, Мәжіліс депутаттары Вера Ким, Екатерина Смышляева қатысты.  Конференция барысында әйел ғалымдар сөз алып, ғылым жолындағы еңбектерін таныстырды. Алқалы жиында ғылымдағы әйелдердің рөлі, жас ғалымдарды қолдау, саланы дамытудағы өзекті мәселелер талқыға салынды.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Ел Президенті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ғылымды кәсіпорынға жақындату және ғылымның кәсіпорынмен байланысын тереңдете отырып, ғылыми зерттеулердің Қазақстандағы оны өмірге лайықты ету тұсында да жасалып жатқан жұмыстар өте көп. Біз оны халыққа көбірек жеткізуіміз керек. «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі осыған бағытталған.