Жалпы елімізде алдағы күндері ауа райы бұзылады. Астанада жаңбыр жауады, соңы қарға ұласып, көктайғақ болады дейді синоптиктер. Ал Алматы қаласында нөсер жаңбыр мен жел күшейеді. Солтүстікте күн салқындап, батыста жауын-шашын жиілейді, бұршақ түсуі мүмкін. Шығыс аймақтарда қар жауады деп болжануда.