$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда бір түнде бір жарым айлық мөлшерде жаңбыр жауды

Атырауда бір түнде бір жарым айлық мөлшерде жаңбыр жауды

Атырауда бір түнде бір жарым айлық мөлшерде жаңбыр жауды. Түні бойы төпеп жауған нөсер салдарынан электр желілері үзіліп, бірнеше ықшамаудан жарықсыз қалды. Соның салдарынан 3 мектеп онлайн оқуға ауысты. Көшелер суға толып, адам түгілі, көлік жүруге қиындық тудырды.  Коммуналдық мекеме мамандары су басқан  көшелерді  тазалап үлгере алмай, түн ортасында жеке вакуум көліктері жұмысқа шақырылды.109 бірыңғай байланыс нөміріне 400-ге жуық шағым түскен. 41 вакуум көлігі 10 мыңнан астам текше метр жаңбыр суын шығарды. Дегенмен  қалтарыс көшелер әлі сол күйі жатыр. Алдымен мектеп, балабақша секілді әлеуметтің нысандардың айналасы, сосын  көше мен  жаяу жүргіншілер жолы тазалануда.  Жауын сайын су астында қалудан әбден шаршаған  тұрғындар қала билігіне өкпелі. 

ӘЛІБЕК ШУДАБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Орталықта мынадай, қаланың сыртында не болып жатыр жағдай. Мен бір жыл бұрын айттым. Әлі өзгеріс жоқ.  Келесі көшеде КНС тұр соған жалғанбай мына су ешқайда кетпейді.

АҚЕСЕН ИБРАГИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ең көп түсіп жатқан сұраныс қаланың ескі жақ беті Шолохов көшесі, 6-проезд, Жамбыл көшесі. Оған сайда орналасқанына байланысты су жиналады. Сонымен қатар бір ай жарымдық нөсер жаууына байланысты  осындай жағдай болып жатыр. Арнаулы автобазаның 5 вакуумы бар. қалғаны жалдамалы түрде алынып жатқан вакуумдар.