$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп Италия Премьер-министрімен ерегісті

Трамп Италия Премьер-министрімен ерегісті

Трамп Италияның Премьер-министрімен ерегесіп қалды. АҚШ Президенті Апенин түбегіндегі әріптесінен көңілі қалыпты. Саяси сауатсыз, надан адамды осы уақытқа дейін қалайша досым деп санағанымды өзім де түсінбеймін, - дейді Трамп. Әңгіме Трамп Рим Папасымен сөзге келіп қалғаннан кейін басталды. Понтифик те қарап тұрмай, Трампқа тіл тигізген. АҚШ Вице-Президенті Джей ди Вэнс Рим Папасы абайлап сөйлеуі керек, - деп ескерту жасады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Рим Папасынан басталған ұрыс Халықаралық дауға айналды. Рим Папасы мен Трамптың сөзге келіп қалуы, АҚШ Президентінің өзгелермен ерегесуіне де әкеліп соқты. Ақ үй басшысы Италия Премьер-министрін осы уақытқа дейін досым деп санағаным үшін өкінемін, - деп мәлімдеме жасаған.

ДЖОРДЖИЯ МЕЛОНИ, ИТАЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бұндай жағдайлар болып тұрады. Адам болған соң, әсіресе, саясатта жүрген соң, бір-біріміздің пікірімізбен келіспей жатамыз. Алайда, жеке басты қаралау саясатқа жатпайды. Президент Трамптың бүкіл айтқанына көнуге мәндетті емеспіз ғой. Ұрысқым келіп тұрған жоқ, алайды ақымды да жібере қоймаймын.

Ал, Рим папасының өзіне келер болсақ, ол әр айтарын баққаны жөн. Әйтпесе, сөзіне жауап беруге тура келеді. Осылай деп, Понтификке Трамптың орынбасары сес көрсетті.

ДЖЕЙ ДИ ВЭНС, АҚШ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Понтифик болсаң да, дінді толық білемін, - деу қателік. Құдайдың ойында не бар екенін қайдан біледі? Сол үшін аузына абай болған дұрыс. Қараптан қарап, Президентке жала жабу заң тұрғысынан қарасақ та, дін тұрғысынан қарасақ та қылмыс. Біз әлемнің қай түкпірінде болсын, қарапайым адамдарды азат ету үшін күресіп келеміз. Саясатты түсінбейтін адамдар не болса, соны оттай бермесін.

Біз Иранға сене алмаймыз. Пәкістанға ат терлетіп барып, дым бітірмей қайттық. Джей ди Вэнс келіссөздер бойынша да пікірін білдірді. Себебі, АҚШ пен Иран қайтадан дөңгелек үстел басына қайта отыруы мүмкін, - деген қауөсет шығып отыр.

ДЖЕЙ ДИ ВЭНС, АҚШ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

АҚШ пен Иран басшылықтары соңғы 49 жылда бір үстел басында отырып әңгімелеспеген. Дәл Президент Трамптың әкімшілігі диалогқа бейім екенін көрсетті. Бірақ, Иран билігі өздерінің шынайы бет-жүзін әшкереледі. Біз енді олармен қалай сөйлесеміз. Ядролық қарудан басында бас тартамыз, ойбай бізбен сөйлесіңіздерші деп отырып, аяқ-асты енді бас тартпаймыз, - дейді. Біз Иранның қарпапайым халқының мүддесі үшін күресіп, оларға азаттық, тұрақты даму сыйлағымыз келеді.

Израиль де Иранды айыптауын қояр емес. Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, Иран Израильге тікелей қауіп төндіріп отыр. Сондықтан, Премьер-министр өз халқын қорғау үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болдым – дейді.

БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бұл жағдай тура нацистік Германия ұйымдастырған Холокост секілді. 21 ғасырда қайтадан 6 млн еврейге қауіп төнетінін білгенбіз. Сол үшін біз үшін қасиетті мекенде де, соғыс жүргізуге мәжбүрміз. Біз екінші рет еврейлерді жаппай қырып, геноцид ұйымдастыруға жол бере алмаймыз. Ал, Иранның көздегені – дәл осы. Олар, арам пиғылдарын жасырмады да.

Түркияның Шығысындағы шаңлыурфа провинциясында мектепте атыс болды. 17-18 жастағы жасөспірім жергілікті мектепке келіп, жаппай оқ жаудырған. Нәтижесінде 16 адам ауыр жарақат алды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін қазір арпалысып жатыр. Ал, қаскөй көп ұзамай өзін атып өлтірген.