$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада «AMANAT» партиясы Сарыарқа аудандық филиалында әйелдер қанаты құрылды

Астанада «AMANAT» партиясы Сарыарқа аудандық филиалында әйелдер қанаты құрылды

Астанада «AMANAT» партиясының Сарыарқа аудандық филиалында әйелдер қанатының ресми ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға партия хатшысы Шолпан Каринова, жұртшылық пен бизнес өкілдері қатысты. Әйелдер қанаты өз жұмысын бірнеше негізгі бағытқа шоғырландыруды жоспарлап отыр. Әсіресе, әйелдердің саяси көшбасшылығы мен гендерлік теңдікті қолдау, денсаулықты нығайту және отбасы институтын дамытуға басымдық беріледі. Сонымен қатар, цифрлық даму және әйелдердің ғылымдағы рөлін ілгерілету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен озық тәжірибелермен алмасу да жаңа филиалдың назарында болады.

САЛТАНАТ ДЖЕНАЛАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қазіргі уақытта бізде 6 аудан бар. Біз қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, белсенді әйелдердің басын қосып, оларды түгел қамту үшін әр ауданда әйелдер қанатының филиалдарын ашып жатырмыз. Бүгін міне, Сарыарқа ауданы бойынша филиалымыздың ашылуын өткізудеміз.