Астананың 80 пайызы газбен қамтылды. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы мәлімдеді. Қазір елорда бойынша жалпы ұзындығы 2 278 шақырым газ желісі жұмыс істеп тұр. Мамандар бұл тек басы дейді. Алда қандай өзгерістер күтіп тұр? Аяулым Изатқызы айтады.
Елордада жылыту маусымы сәтті қорытындыланды. «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы қыс бойы қала мен іргелес елді мекендерді көгілдір отынмен үзіліссіз қамтамасыз етті. Әсіресе, биыл газ инфрақұрылымының қуаты айтарлықтай артып, тұтынушылар саны өскен.
ЕРЖАН БАЛАБЕКОВ, "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ АСТАНА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
2025 жылдың қорытындысы бойынша біздегі бүгінгі тельман тұрғын үй алқабы, чубара ауданы қаланың ортасындағы, кирпичный байқоңыр ауданындағы, тағы да басқа сол жағалаудағы Family village тұрғын үй алқаптары толықтай газға ауысты. Жалпы 2025 жылға дейін тұрғын үй есебі бойынша 13 мыңға жуық абонент болған, қазіргі таңда бұл сан 21 мыңға жетті.
Газдандыру қарқыны тек қала ішінде емес, агломерация аймақтарында да жоғары. Биыл жоспарланған мерзімнен бұрын газға қосылған ауылдардың бірі - Қараөткел. Көмір тасу мен күл шығарудан құтылған жұртшылық көгілдір отынның игілігін сезіне бастады.
АЙДОС ИПОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көмірге алдында айына 30 мың кететін. Ауылымызға газ келеді дегенде қуанып жүрдік. Декабрде 2026 жылы қосу керек еді, QAZAQGAZ AIMAQ" ерте қосты. 1 жыл ерте қосты. Бәрі тамаша.
Қазір елорда бойынша жалпы ұзындығы 2 278 шақырым газ желісі жұмыс істеп тұр. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш әлі де арта түспек. Алдағы мақсат – Қосшы қаласы мен басқа да іргелес елді мекендерді толықтай газға қосып, жылу жүйесінің сенімділігін 100 пайызға жеткізу.