$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралдың іргесінен сатылып жатқан жер AMANAT назарын аударды

15.04.2026ж. 19:00
Оралдың іргесінен сатылып жатқан жер AMANAT назарын аударды

Орал қаласының іргесінен сатылып жатқан жерлер AMANAT партиясының назарын аударды. Партиялық бақылау комиссиясы бұл істің қаншалықты заңды екеніне ден қойды. Өз жоспарын комиссия мүшелеріне түсіндірген кәсіпкер шаһардың іргесіндегі 248 гектар жерді қалай игеретінін баяндады. Жоба бойынша оның меншігіндегі аумақта алып сүт фермасы салынып, спорт кешені, онкологиялық диспансер, мектеп бой көтермек.  Сонымен қатар инфрақұрылым жүргізіледі. Бүгінде бұл жоба инвестициялық жобалардың қатарында. Партиялықтар бастаманың қағаз жүзінде қалмауына мүдделі екенін үшін жеткізді. Бұл іске нүкте қою үшін енді құзырлы органдармен бірге көшпелі отырыс өткізіледі.

НҰРЛАН РАҚЫМЖАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Инвестор өзінің жобаларын түгел таныстырып өтті. Бұл жерде қоғам белсенділері өздерінің сұрақтарын қойды. Яғни, бұл кісілердің жобасымен түгелдей танысып шықтық. Бұған дейін біз әлеуметтік желіден ғана көріп жүрдік. Тікелей өз ауыздарынан естіп және де танысып шыққанан кейін қолдаймыз. Енді жүзеге асса, ол біздің облыстағы үлкен жоба болып есептеледі.