$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесері өтті

AstanaTV
15.04.2026ж. 19:00
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада Әбіш Кекілбайұлына арналған «Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсауы кесілді. Соған орай ұйымдастырылған іс-шарада заңғар жазушының өнегелі өмірі мен елдік мүдде жолындағы қайраткерлік келбеті кеңінен насихатталды. Жаңа жинақта қаламгердің әдеби мұрасымен қатар, азаматтық ұстанымы, зиялылық болмысы мен тағылымды ғұмыры жан-жақты қамтылған. Кітап авторлары Ұлан Айхожа мен Абай Сейфулла тұлға туралы тың деректер мен естеліктерді бір арнаға тоғыстырған.

АБАЙ СЕЙФУЛЛА, КІТАП АВТОРЫ:

Кекілбаевтың замандастарымен сұхбаттар бар. Бұған дейінгі еңбектер бар. Солардың барлығын оқып, зерттеп. Одан кейін Әбіш Кекілбаевтың осында ұрпақтары бар. Ол кісілермен ақылдасып, сол себептен 1 жылдан аса уақыт кетті.

ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бұл жұмыстардың барлығын алдағы уақытта да жастарға таныстыру, жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс ретінде беру бұл біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі. Сондықтан да агенттік осы жұмыстарды ары қарай жүйелі түрде жұмыс атқаратын болады.