FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстерді 2026 жылғы 29 тамызды қоса алғанда тоқтататынын хабарлады.
Күші жойылған рейстердің жолаушыларына билеттің толық құны айыппұлсыз қайтарылады. Қайтарымды билет сатып алынған жер бойынша рәсімдеуге болады.
FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы билет рәсімдеген жолаушылар брондауға өзгерістерді дербес түрде онлайн енгізе алады. Туристік агенттіктер мен өзге де сату арналары арқылы рәсімделген билеттер бойынша жолаушыларға сатып алынған орынға жүгіну ұсынылады.