Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада қандай тағам өндірушілердің тауарын пайдалану аса қауіпті екені айтылды

AstanaTV
26.01.2018ж. 20:00
3942
Астанада қандай тағам өндірушілердің тауарын пайдалану аса қауіпті екені айтылды

Астанада адам денсаулығына қауіпті өнім шығарған өндірушілердің аттары аталып, заттары түстелді. Олардың ішінде шетелдік қана емес, отандық танымал тауар өндірушілер де бар. Астана қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті жоспардан тыс тексеру өткізіп, 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салған. Ал сөрелерден талапқа сай келмейтін 7 миллион теңгенің 12 мың тоннаға жуық өнімі тәркіленген. "Қағанат" асханасы, "Мастер хаус" кондитерлігі секілді елге таныс орындарды тексеру кезінде ішек таяқшалары мен қоздырғыш бактериялар табылған. Бұдан бөлек, ет-шұжық, кондитерлік өнімдердің де талапқа сай еместігі анықталды. Тексерілген шұжық өнімдерінің құрамынан шошқа ДНК-сы табылған. Олардың 67% Ресей, Қырғызстан, Белоруссиядан келген өнімдер. Отандық танымал өндірушілердің де шұжықтарынан шошқа еті анықталған.

Қарлығаш  Абдишева, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

Сонымен қатар кондитерлік өнімдер де микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмей жатады. Мұнда шетелдік те, қазақстандық өнімдер де бар. Астаналық өнімдер «Бейбарыс», «Хақназаров» «Мастер Хаус», «Апрель 2030» сынды жеке кәсіпкерлердің өнімдері бар.

Талапқа сай келмейтін шетелдік өнім өндірушілер: 67 % Ресей Қырғызстан Белоруссия

Талапқа сай келмейтін отандық өнім өндірушілер: «Йошкар-Олинский» «Орелпродукт» «Микояновский» «Дедов» «ТАЙ»