$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еліміздің екі облысында гепатит А ауруының шығуына байланысты дау ушығып кетті

AstanaTV
26.01.2018ж. 20:00
3898
Еліміздің екі облысында гепатит А ауруының шығуына байланысты дау ушығып кетті

Елдің екі облысында гепатит А аурының шығуына байланысты дау ушығып кетті. Шығыс Қазақстанда аурудың өршуі мен науқас қыздың өлімінен кейін қызметтік тексеріс жүргізген комиссия аяқ астынан ауыл дәрігері ақпаратты бұрмалап, елді дүрліктірді, деп мәлімдеді. Ал, қарағандылық санитарлар мүлде эпидемия жоқ деп отыр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Айжан Қуаш айтып береді.

Айжан Қуаш, тілші:

Жағдай әсіресе Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Шолпан ауылында ушыққан. Мұнда гепатиттің қатерлі түріне шалдыққан 11 жастағы қыз көз жұмған. Ал дәрігердің көмегіне жүгінген 19 тұрғын туралы дерек жасырылған.

Марат Шоранов,  ШҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

Үржар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Тілеуберлин гепатит А-ны жұқтырғандар туралы ақпаратты БАҚ-на бұрмалап берген. 17 қыркүйектен 18-інші қаңтарға дейін 46 бала қаралып, оның 25-і ғана ары қарай тексеру үшін ауруханаға жатқызылған.  Олардың  арасынан 12 балада ғана гепатит А анықталған. Сонымен бірге Шолпан ауылының тұрғындары комиссияға науқастарды ауруханаға жеткізу үшін, тіпті емдеу кезінде дәрі-дәрмек алу үшін де ақша төлегендерін айтып шағымданды.

Үржар аудандық орталық ауруханасының басшылығы мен дәрігерлер осылайша өрескел қателіктер жіберген. Ол тек ақпарттарды бұрмалауға ғана емес, жалпы науқастарды емдеуге де қатысты. Қыз баланың өліміне әкеліп соққан жағдайлар да тексеріліп жатыр. 

Нұрланғазы Ибраев, ШҚО қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті жетекшісінің орынбасары:

Комиссия көз жұмған науқас қыз гепатиттің қатерлі түрімен, гепатит А мен ауруы мүмкін, деп болжап отыр. Нақты себебі тексеру барысында анықталады.

Айжан Қуаш, тілші:

Ал, Қарағанды облысында қаңтар айынан бері гепатит А деген күдікпен 36 адам тексерілген. 24-інен ауру анықталды. Оның 14-і оқушы. Мектептердегі ахуал жайлы сенбі күні 20.00-де  "Біздің уақыт" бағдарламасында айтатын боламын.

Айжан Қуаштың толыққанды материалын өткізіп алмаңыздар.