Түркістан облысы Арыс аудандық сотында куә ретінде көрінеу жалған айғақ берген Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында Р. өзінің танысы Е.-ні жазадан құтқару мақсатында сот отырысында жалған жауап берген. Ол Е.-нің мас күйде көлік басқарғанын жоққа шығарған.
Алайда, тергеу барысында Е.-нің мас күйде көлік басқарғаны дәлелденді. Нәтижесінде Е. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлады Түркістан облыстық соты.
Жалған айғақ бергені үшін Р.-ға қатысты аға сот приставы әкімшілік хаттама толтырған. ҚР ӘҚБтК-нің 659-бабы 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Сот отырысында Р. кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
2026 жылғы 12 қаңтардағы сот қаулысымен Р.-ға 30 275 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі уақытта айыппұл толық төленген. Қаулы заңды күшіне енді.