$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда балаларды ұрып соққан тәрбиеші 4 жарым жылға сотталды

17.04.2026ж. 19:00
Павлодарда балаларды ұрып соққан тәрбиеші 4 жарым жылға сотталды

Павлодарда балаларды ұрып соққан тәрбиеші 4 жарым жылға сотталды. Естеріңізге салайық, оқиға өткен жылы маусым айында болған болатын. Қаладағы №116 балабақшаның тәрбиешісі  16 баланы шашынан жұлып, шапалақпен бетінен ұрып, дене жарақатын салған.  Оның осы әрекеті  бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  Сот процессі 1 жылға созылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Себебі, 33 жастағы тәрбиешінің 3 баласы бар. Ең кішісі 5 айлық. Сол себепті сот жазаны өтеуді кейінге шегерді. Алайда, бұнымен ата-аналар келіспейтінін айтып, жоғары сотқа арыз түсірмек. 

ЖҰЛДЫЗ КАМАЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Мүскен Жанель Жұмабайқызын  ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы және 110-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айырылсын!  Бұнымен қоса 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынады. Кішкентай балаларына болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілсін.