Шымкентте әйел адам жүкті келіншекті баласының көзінше аяусыз ұрып-соқты. Аулалардың бірінде түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Жәбірленушінің «жүктімін» деп шыңғырғанына қарамастан ашуға мінген әйел адам оны жұлқылап, тіпті автокөлікке соққылап жатыр. Оларды сол маңда болған ер адам ажыратып, жанжалға тоқтатуға әрекет жасады. Қалалық полиция департаментінің дерегінше, жанжалдасқан екеу көрші әйелдер. Бұл жағдай олардың балаларының кикілжіңінен кейін туындаған.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Жанжал көрші әйелдер арасында олардың балаларының кикілжіңінен кейін туындаған. Сонымен қатар, жәбірленуші арызданудан бас тартты. Сонымен бірге, ұрып-соғу жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.