Елордада заң мен тәртіп қағидаты аясында «Астана – есірткісіз қала» жалпықалалық акциясы жалғасуда. Бұл жолы Байқоңыр ауданының тәртіп сақшылары мен еріктілері заңсыз есірткі жарнамасын жойды.
Астана - есірткісіз қала жалпықалалық акциясы аясында кезекті рейдтік шара өтті. Байқоңыр ауданындағы полиция басқармасының аумағында өткен жедел кеңесте әкімдік өкілдері, тәртіп сақшылары мен еріктілер күш біріктірді.
ЖАНДОС СЕЙТЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Жергілікті полиция қызметкерлері жұмыс жасау барысында өйткені олар өз аймғында жұмыс жасайды. Олардың мағұлматы бойынша қай жерлерде графити бар екендігін анықтап, бүгін Астана жастары қозғалысымен бірлесіп осы графитилерді жоюмен айналысамыз.
Қоғамдық қауіпсіздікті арттыруды көздеген акцияға «Астана жастары» ресурстық орталығының волонтерлері де белсенді атсалысуда.
АЛДИЯР ЕЛІБАЕВ, ВОЛОНТЕР:
Бүгін біз полиция қызметкерлерімен Астана қаласының Байқоңыр ауданында мен ерікті ретінде рейд істеп жүрміз.
Наркографитилермен күресте учаскелік инспекторлардың рөлі зор. Олар өздеріне бекітілген аумақтағы әрбір мекенжай мен ғимараттарды жіті бақылауда ұстайды.
ҚУАНЫШ МИРЗАЕВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
Учаскелік полиция инспекторлері аумақты аралау барысында барлық мекен-жайларды, үй жайларды аралап, осындай наркографитилерді анықтаған жағдайда 102-ге хабарлап ол бойынша баянат жазып, бәрін өшіреміз.
Жедел шараның нәтижесінде Байқоңыр ауданындағы бірқатар заңсыз жазбалар жойылды. Мұндай акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаспақ.