«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы өткізген кезекті көшпелі мобильдік қоғамдық қабылдаулар Қазығұрт ауданында жалғасты. Партияның бастамасымен өңірдің аудан, қалалары мен шалғай елді мекендерінде ұйымдастырылып келе жатқан мұндай қабылдаулар халық пен биліктің арасын жақындастыратын шынайы диалог алаңы болып табылады. Мобильді қоғамдық қабылдауға келген азаматтар негізінен мектеп, денсаулық сақтау саласы, коммуналдық салаға қатысты көпшіліктің өтінішін арқалай келгендерін жеткізді.
ЕРЛАН ДОСЖАНОВ, ҚАҚПАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Келген мәселеміз ауылдың ауыз суы. Бір жерден скважина қазылған еді, соның лицензиясы шықпай жатқан еді. рұқсат алмай жатқан еді. Соны қазір жолықтық. +Ол тірлігіміз бітетін болды. Ауданның өз бюджетімен істейтін болды қалған тірлікті.
БАХРАМ СӘБИТОВ, ТҰРБАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көше тас төселген, шағал төселген. Бірақ оқушылардың мектепке баруы, үлкен кісілердің жүруі, автокөліктердің жүруіне өте қиындық туғызады. Сондықтан мен жауапқа өте қанағаттанып қайтып жатырмын.
Шалғай ауыл тұрғындарының мемлекеттік органдарға қолжетімділігін арттыруды мақсат тұтқан кездесу түс қайта Рабат елді мекеніндегі мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда да партия ашып берген диалог алаңына тұрғындардың қатысу белсенділігі жоғары болды.
ПОЛАТ ТҰРСЫНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазығұрт ауданында өткен мобильдің қоғамдық қабылдауда 200-ден астам адам келді. Соның қазір 30 пайыздан астамы шешімін таптым. Қалған 60 проценттен астамы алдағы уақытта тиісті басқармалармен департаменттермен бірлесіп отырып заң аясында қаралып, сараланып сосын 1 айдың аясында жауаптары беріледі.