Қызылордалық жастар әлеуметтік-инновациялық жобарын жандандырып, жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Оған «AMANAT IDEATHON» хакатоны жол ашты. Оған еліміздің бірнеше қалалары мен аймақтың барлық ауданынан 100-ден аса оқушы мен студент жас қатысты. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған тың идеяларын ортаға салды. Бірнеше бағыт бойынша жобаларын қорғады. Сарапшылардың сынынан сүрінбей өткен жеңімпазға 1 млн теңге көлемінде сыйақы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталды. Жастарға мұндай мүмкінікті «AMANAT» партиясы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және «Қызылорда hub» орталығы жасап отыр.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бас сыйлығымыз ол ең үздік танылған жоба жеңімпазымен келісімшартқа отырып, 3 ай көлемінде соның жобасын қаржыландырып, сол жобаның нәтижесінде шыққан дайын өнімді партиямыздың халықпен жұмыс жасау әлеуметтік бағытында пайдаланатын боламыз.