$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанай облысының 100 әйелі «Таңшолпан» саяси көшбасшылықты дамыту жобасының сертификатын алды

Қостанай облысының 100 әйелі «Таңшолпан» саяси көшбасшылықты дамыту жобасының сертификатын алды

Қостанайда әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға арналған «Таңшолпан» жобасы өз мәресіне жетті. Оған қатысқандарға арнайы сертификаттар табысталды. Бағдарламаны «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының Әйелдер қанаты мен Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырды. Жобаға облыстан 100 әйел қатысты. Тоғыз ай бойы олар мемлекеттік басқару негіздерін, сайлау науқандарын өткізу ерекшеліктерін меңгеріп, көшбасшылық қабілеттерін дамытты және жеке саяси бренд қалыптастырумен айналысты.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әйелдер – партиямыздың басты активі. Әйелдер – партияның жүрегі. Сондықтан бүгінгі таңда партияның Әйелдер қанаты ең алдымен “AMANAT” қатарында белсенді әйелдердің санын арттыруға бағытталған. Біз оларды саяси өмірге дайындауға дайынбыз. Бұл тұрғыда Қостанай облысы айтарлықтай нәтижелер көрсетіп отыр. Яғни, бұл – жүйелі жұмыс.