$541.34 €640.73 ₽6.53
×

СҚО-да су деңгейінің көтерілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

18.04.2026ж. 10:29
СҚО-да су деңгейінің көтерілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: СҚО әкімдігі

17 сәуір сағат 23:30–да Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты және KZ15-09 «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 28-шақырымында жол қозғалысы шектелді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Судың жолдан асып кету жағдайына байланысты «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 25-30 шақырым аралығында (Мәмлүт айналма жолынан 20-ші мөлтекаудан айналма жолына дейін) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектеуі енгізілді.

Балама бағыттар:

• Жеңіл автокөліктер үшін Петропавл қаласы арқылы.

• Жүк көліктері үшін:

— Петерфельд-Архангельское — Новокаменка-а/ж, Жезқазған — Арқалық — Петропавл жолы;

— Жезқазған — Арқалық — Петропавл

— Астана –Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы (өту пункті Жаңа жол)