$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстандық таеквондошы Әділет Шері қола жүлдеге ие болды

18.04.2026ж. 11:43
Қазақстандық таеквондошы Әділет Шері қола жүлдеге ие болды
Фото: ҰОК

Қазақстандық таеквондошы Әділет Шері Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Ол бұл кезеңде Тунис өкілі Малек Макронимен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша Әділет Шері әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.