$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды облысында гепатит жұқтырғандар саны көбейді

AstanaTV
29.01.2018ж. 20:00
3257
Қарағанды облысында гепатит жұқтырғандар саны көбейді

Қарағанды облысында гепатит жұқтырғандар саны артты. Соңғы 3 тәулікте науқастар қатары 17 адаммен толығыпты. Бүгінде 43 тұрғын инфекциялық ауруханада жатыр. Бұл туралы санитар дәрігерлер мәлімдеді.

Гүлжан Байтуғанова, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

43 науқас емделіп жатыр. Оның 31-і оқушы. Бұл көрсеткіш күн сайын өзгереді. Өйткені химиялық талдау қандағы вирусты бүгін көрсетпесе, ертең көрсетуі мүмкін. Сондықтан науқастармен қарым - қатынаста болған балалар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынып отыр.

Сырқат адаммен тұрмыстық қарым-қатынаста болған 220 тұрғынға мамандар әлі де қан талдауын жасайды. Өйткені дерттің белгісі оны жұқтырған соң 35 күннің ішінде анықталады. Ауру шыққан 14 мектепке шектеу қойылып, оқушылар кабинеттік жүйеге көшірілген. Алайда, науқастар саны артуы мүмкін екенін дәрігерлер жасырмайды. Елімізде А гепатитіне қарсы вакцина 2008 жылдан бері салынады. Сондықтан оған дейін туылғандарда дертті жұқтыру қаупі жоғары, - дейді. Ал мектеп асханаларында көкөніс пен жеміс-жидектерден 27 сынама алынып, тексеру нәтижесінде үшеуінен гепатит вирусы анықталған. 

Юрий Залыгин, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

Қаладағы «Шығыс» базары мен ірі супермаркеттерді тексеріп, нақты талдау жасап, қорытынды шығару керек. Ол үшін прокуратурадан рұқсат сұрап арнайы хат жолдадық. Жауабын күтіп отырмыз.