Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Биыл жыл соңына дейін барлық амбулаторлық карталар электронды форматқа ауысады

AstanaTV
29.01.2018ж. 20:00
2898
Биыл жыл соңына дейін барлық амбулаторлық карталар электронды форматқа ауысады

Жыл соңына дейін барлық амбулаторлық карталар электронды форматқа ауысады.  Ал, халықтың денсаулығы туралы мәлімет "Ұлттық денсаулық электронды төлқұжаты" деп аталатын бір жүйеге топтасады. Бүгін еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов мәжіліс алдында есеп берді. Негізі тақырып - "Сандық технологияға" көшу. Алайда кей депутаттар министрдің бұл айтқандарын "айға ұмтылу" деп атады. "Аспанға қарап, жұлдызды санамай", жерге түсуін сұрады.  Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Қазір "сәнге" айналған сандық технология елдегі медицина салсында да жетті. Ммнистр Елжан Біртанов жыл соңына дейін қат-қат қағаз тасудан біржола құтыламыз деп білек сыбанып келіпті. Ортақ медициналық ақпарттық жүйеге науқас туралы барлық мәлімет жинақталады. Аураханалардың 75 пайызы жаңа жүйеге көшіп үлгерді дейді. Бұдан бөлек, диагноз қою үшін "жасанды жадының" көмегіне жүгінбек. Америкалық IBM-мен былтыр келісімшарт жасалған. Жасанды жады "Қатерлі ісікке қарсы Ватсон" деп аталады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қатерлі ісікпен тіркеуде тұрған 100-деген науқастың мәліметі IBM-ге жолданды. Ақпанда жауабы келеді. Жасанды жады 1 минут  ішінде бірнеше ғылыми зерттеулерге сілтеме береді, дәрігерге қажетті әдіс-тәсілдерді тізіп береді.

"Ұлттық денсаулық төлқұжатын" құруға осыдан 3 жыл бұрын Хорватиядан Ericsson Nicola Tesla комманиясы тартылған. Жоба биыл толық аяқталуы тиіс.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Маған ертегі айтып жатқан сияқты болды министр. Өйткені цифрландыру болу үшін, бүгін емханаларды жоғарығы интернет байланысына қосуымыз керек. Құрметті министр, "аспанға қарап жұлдызды санағанша", жердегі тіршілікті дұрыс көзбен қараған жөн сықылды.

Сабильянов шалғайдағы елді мекендер әлі күнге дейін кеңес өкіметінен қалған жабдықтарды пайдаланады. 2124 жедел жәрдем көлігінің 776-сының тозығы жеткен. Осындай қарапайым қажеттілікті өтемей тұрып, жасалған әрекет бос әурешілік, "айға ұмтылумен" тең дейді. Ал ақпарат министрлігі өкілінің мәліметінше, 2022 жылы  Қазақстанның 82 пайызы интернетпен қамтылады.

Гүлмира Исімбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Қайрат Тахирұлы, бұл "Цифрлы Қазақстан", егер интернет жүргізбесе, ол орындалмайды. Әр министрлік қаншама бағларлама жасасын, қаншама қаражат бөлінсін. 

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Наурыз айынан бастап медициналық қызметтің бірнеше түрін Е-гов порталы арқылы алуға болады. Оған еңбекке жарамсыздығы жөніндегі қағаз бен психологиялық, наркологиялық диспансер анықтамалары кіреді. Ал, шалғай ауылдарда маман тапшылығын  жою үшін, мемлекеттік оқу грантымен білім алған студенттерді бұрынғыдай бірнеше жыл мемлекет бекіткен жерде жұмыс істеуге міндеттеу әдісі енгізілуі мүмкін.