Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемдегі есірткі қоймасы анықталып, жойылды. Арнайы операция облыс прокуратурамен бірлесіп жүргізілген.
Жедел шара барысында 27 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде оның гаражынан есірткі сақталған қойма табылған.
Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың жалпы салмағы 93 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.