$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алды

21.04.2026ж. 11:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алды
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхты қарсы алды.

Алдымен мейманның көлігі Президент Сарайының орталық басқышына келіп, ұзын кілемшенің жиегіне тоқтады. Ол жерде мейманды Қазақстан Президенті Протокол қызметінің қызметкері күтіп алды. Ақордада Ухнаагийн Хурэлсүхты Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Өзара сәлемдескеннен кейін мейман мен Президент бір-біріне делегацияларын таныстырды. 

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары Құрмет қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрмет қарауылы бастығымен қоштасты.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.