$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Жас Отан» жастар қанатының белсенділері жаңа жұмыс форматына көшуді жоспарлады

AstanaTV
29.01.2018ж. 20:00
3435
«Жас Отан» жастар қанатының белсенділері жаңа жұмыс форматына көшуді жоспарлады

"Жас Отан" жастар қанатының белсенділері жаңа жұмыс форматына көшуді жоспарлап отыр. "Оpen fase" форматына сәйкес,19 бен 28 жас аралығындағы кез-келген азамат "Жас Отанның" жергілікті филиалына хабарласып өзіне қажетті кеңес немесе ақпарат ала алады.

Бұл жайында Қызылорда өңіріндегі жасотандықтар өткізген баспасөз маслихатында айтылды. Мақсат - "Жас Отан" жастар қанаты 4-ші съезінің алдында атқарылып жатқан шаруаларды талқылау. Сондай ақ алдағы жұмыстарды пысықтау. "Жас Отанның" жаңа жобалары сөз болған орталық кеңеске үміткерлерді сайлау ережелері түсіндірілді. Қызылорда облысы бойынша жастар ұйымы қатарында 10 мыңға жуық азамат тіркелген.

Абылайхан Бексұлтанұлы, "Жас Отан" ЖҚ Қызылорда облысы филиалының төрағасы:

"Жас Отан" жастар қанатының сайтына тіркелу арқылы осы өзінің көшбасшылығын, өзінің өмірдегі жеткен жетістіктерімен егерде осы сайлау нәтижесі бойынша өзінің қоятын талаптары бар, сол үш кезеңнен өткен жас,  осы Жас Отан жастар қанатының орталық кеңесіне жаңадан мүше болып сайланады. Одан бөлек облысты "Жас Отан" жастар қанатының әр бір облыстық филиалына бір және екі қызметкерден беріліп жатыр.