Елдің көші-қон саясаты жаңа кезеңге өтті. Үкімет ел экономикасына инвестиция құйып, жұмыс орнын ашатын шетелдік кәсіпкерлер мен білікті мамандарға есік ашпақ. Бұл ретте адами капиталдың сапасын арттыру үшін инвесторлар мен олардың отбасы мүшелеріне арнайы А5 және А6 санатындағы визалар беріледі. Сондай-ақ, елде тұрақты тұруға рұқсат алатын сұранысқа ие мамандықтар тізімі де қайта қаралуда.
АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
Бүгінде бұл тізімге 51 мамандық енген. Бірақ, бл өзгермейтін тізім емес, экономиканың сұранысына қарай тұрақты түрде жаңартылып отырады. Қазір көшіқон саясаты тұжырымдамасын 2030 жылға дейін іске асыру аясында аталған тізімді жаңарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталады.