Қазақстандықтардың 70 пайыздан көбі ауқымды өзгерістерді күтеді. Әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сүйенсек, азаматтардың басым көпшілігі, яғни 85 пайыздан астамы мемлекеттік жүйеде түбегейлі өзгерістердің қажет екенін алға тартқан. Зерттеу барысында мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейі де анықталды. Халықтың ең жоғары сеніміне Президент ие болса, рейтингтің келесі сатыларында әкімдіктер мен Үкімет тұр. Ал халықтың жартысынан астамы билікті ашық сынауды әлі де қауіпті деп санайды. Әлеуметтік оптимизмге келсек, қазақстандықтардың 44 пайызы еліміздің даму бағытын дұрыс деп бағалаған.
БЛИЦ:
- Зауыт, фабрикалар көбірек салынса, жастарға жұмыс орындары берілсе, онда өте керемет, нұр үстіне нұр болар еді. Алдағы құрылтайдан біз көптеген жаңа жаңалықтар күтеміз.
- Қазір, тексерістер жақсы жүріп жатыр, заңдар күшіне еніп жатыр.
- Қаншама мектеп салынып жатыр, қаладағы автобустар жаңарып жатыр.