Алматыда 5 мыңнан астам оқушы мен студенттің қатысуымен ауқымды жаппай жаттығу өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жаттығуға елімізге танымал спорт шеберлері мен чемпиондар арнайы қатысып, жастарға үлгі көрсетті. Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы профилактикалық кеңес мүшелері де бой көрсетіп, жас буынға зиянды әдеттердің салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара жастардың есірткіге қарсы көзқарасын күшейтіп, белсенді әрі салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған. Айта кетейік, бұл жоба қалада бесінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейінгі іс-шаралар аясында 10 мыңнан астам адам тікелей қатысып, 500 мыңға жуық адам жанама түрде қамтылған болатын.
ДИДАР ДІЛДӘБЕК, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Сонымен қоса біз енді бүкіл қаламыздың 225 мектебі, 80 колледжінде бір мезетте 200-ден астам жастың қатысуымен әр мектептің өздерінің спортзалдарында бүгін осындай жаттығулар ұйымдастырып жатқан жағдайы бар. Яғни біздің алға қойған мақсатымыз орындалып жатыр деп айтуға толық негіз бар.