$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекет басшысы Моңғолия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026ж. 16:38
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Мемлекет басшысы тарихи сапар аясында марапаттау рәсімін өткізу қазақ тарапы үшін зор мәртебе екенін атап өтті.

«Бұл награда – барша қазақ халқының Сізге және бауырлас моңғол жұртына деген ерекше құрметінің белгісі. Қазақстан мен Моңғолияның достығы мәңгі болсын», - деді Президент.