$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақ-тәжік қатынасы: стратегиялық серіктестікті нығайтуға басымдық берілді

21.04.2026ж. 19:43
Қазақ-тәжік қатынасы: стратегиялық серіктестікті нығайтуға басымдық берілді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін көтеруге келісті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыру маңызды екенін атап өтті, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.