$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында құрылысы бітпеген пәтерлерге төленген 200 млн теңге бюджетке қайтарылды

22.04.2026ж. 16:29
Түркістан облысында құрылысы бітпеген пәтерлерге төленген 200 млн теңге бюджетке қайтарылды
Фото: pixabay

Жетісай ауданында құрылысы толық аяқталмаған 28 пәтердің мемлекеттік сатып алу арқылы қабылдап алынғаны белгілі болды.

Аудандық прокуратура өкілдері жергілікті атқарушы органмен тұрғын үй-жайларды сатып алу кезіндегі заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген.

– Нәтижесінде жергілікті атқарушы органның сыртқы және ішкі құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған, сондай-ақ техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін 28 пәтерді мемлекеттік сатып алулар арқылы қабылдап алғаны анықталды, - делінген ресми ақпаратта.

Ведомствоның мәлімдеуінше, аталған баспаналар үшін бюджет қаражаты заңсыз төленген.

– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 28 пәтерге негізсіз төленген 200 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды, - деп хабарлады облыстық прокуратура.