Ақтөбеде дәрігерлер жаңа туған нәрестенің өмірін сақтап қалды. Жарық дүниеге енді ғана келген сәбиге бірден бірнеше ауыр диагноз қойылған. Соған қарамастан, ақ халаттылар уақыт жоғалтпай, шұғыл әрі бірегей операция жасап, баланың өміріне араша түсті.
Кішкентай Дана 2- сәуір күні салмағы 4 келі 850 грамм, бойы 60 сантиметр болып дүниеге келген. Жүктілік кезінде-ақ дәрігерлер ұрықтың аналық безінде үлкен кистозды ісік барын анықтапты. Нәресте туылған соң диагноз расталып, мамандар шұғыл шешім қабылдайды.
АЙНҰР ПІРІМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ:
Ұрықтың туа пайда болған аналық безінің үлкен көлемді түзілісі анықталып, ол да қарастырылды.
САҒИДОЛЛА ДОСМАҒАМБЕТОВ, ХИРУРГ:
Лапроскопия әдісімен жасалды кішкентай инструменттермен. 3 милиметр. Сосын кистаны алып тастағанда қосымша тағы да екі туа біткен патологияны таптық. Ол деген-шаб жарықтары. Ол деген сыртынан көрінбейді, ол кейін өскесін анықталады.
Ота кезінде күтпеген тағы бір мәселе анықталған нәрестеде екі жақты шап жарығы болған. Осылайша дәрігерлер бір операция барысында екі бірдей күрделі патологияны жойды. Операция заманауи лапароскопиялық әдіспен жасалды. Яғни, үлкен тіліксіз, кішкентай тесіктер арқылы. Жас ананың дәрігерлерге алғысы шексіз.
ЖАНАР ТАСМАҒАМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Шүкір, қазір бөпемнің жағдайы жақсы. Өзі еме алады, өзі үлкен дәретке, кіші дәретке шыға алады.Ешқандай қорқыныш жоқ жесек болады.
Мамандардың айтуынша, егер операция дер кезінде жасалмаса, ісік жарылып, іштен қан кету, тіндердің өлі еттенуі немесе болашақта бедеулікке әкелуі мүмкін еді.Қазір кішкентай пациенттің жағдайы жақсы. Ол енді толыққанды өсір сүре алады. Ертең үйіне шығарылмақ.