Қызылжарда әдебиетке құмар жастар конференцияда бас қосты. Алқалы жиын жергілікті университетте «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы және жетекші партияның «Кітап-AMANAT» атты жобасы аясында ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» тарихи романын кеңінен талқылап, ұлттық бірегейлік пен рухани беріктік мәселелеріне ерекше тоқталды. Кездесу аясында ашық пікірталас ұйымдастырылып, романның қазіргі қоғамдағы маңыздылығы атап өтілді. Жалпы партия мүшелерінің айтуынша, мұндай кездесулер ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, жастарды зияткерлік дамуға жетелейді.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бұл туынды тек тарихи оқиғаларды ғана емес, сонымен қатар адам жанының тереңдігін, оның күресі мен құндылықтарын түсінуге жол ашады. Жастар үшін осындай талқылаулардың маңызы зор, өйткені олар тарих пен мәдениетке деген саналы көзқарасты қалыптастырады.