$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Фото: pixabay

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, бұл күні найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстігінде нөсер жаңбыр болжанады.

Сонымен қатар, кейбір өңірлерде жел күшейеді. Республика аумағында желдің екпіні артып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл мен екпінді жел соғуы мүмкін.

Батыс, солтүстік және оңтүстік таулы аймақтарда тұман түсуі ықтимал.

Сондай-ақ мамандардың болжамынша, түнде Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде -2…-3°C дейін үсік жүреді.

Кейбір өңірлерде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады:

  • Жоғары өрт қаупі: Жамбыл облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Түркістан облысының батысында және Абай облысының орталығында.
  • Өте жоғары өрт қаупі: Жетісу облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының шеткі батысында.