$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ Үнді мұхитында ирандық мұнай тиелген танкерді басып алды

АҚШ Үнді мұхитында ирандық мұнай тиелген танкерді басып алды
Фото: istockphoto.com

Америкалық әскер Үнді мұхитында ирандық M/T Tifani танкерін ұстап, оны мұнай контрабандасына күдікті деп таныды. АҚШ Қорғаныс министрлігі әскери операция барысында кеменің басып алынғанын растады және операция «оқыс оқиғасыз» өткенін мәлімдеді.

АҚШ Тегеранға қысымды күшейтіп, Иранмен байланысты немесе Иран үкіметіне пайда әкелуі мүмкін тауарларды тасымалдады деген күдікке ілінген барлық кемелердің қозғалысын тоқтатуға тырысып жатыр. Олардың қатарына мұнай мен металдардан бастап қару-жарақ пен электроникаға дейінгі жүктер кіреді.

M/T Tifani танкерін басып алу оқиғасы АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім мерзімі аяқталуға жақын қалған кезде болды. Кеме Шри-Ланка мен Суматра аралының арасындағы халықаралық суларда болғаны спутниктік бақылау деректерінен белгілі.

Пентагон санкция салынған және Иран мүддесіне жұмыс істейтін кемелерді ұстау әрекеттерін жалғастыра беретінін хабарлады. Генерал Дэн Кейн АҚШ Иран туы астындағы немесе Иранға көмектесетін барлық кемелерді, тек Таяу Шығыс аймағымен шектелмей, белсенді түрде қадағалайтынын айтты.