$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекет басшысы халықаралық ұйым басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы халықаралық ұйым басшыларымен кездесті

Дүниежүзілік Денсаулық ұйымы Қазақстанға дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берді. Ұлттық бақылау жүйесінің сенімділігін растайтын хатты ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. Қазақстан мұндай дәрежеге ТМД елдері арасында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізіп отыр. Мемлекет басшысы кездесу барысында ұйыммен ықпалдастықтың жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгеніне тоқталды. Сондай-ақ еліміздің жаһандық бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді. Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен де кездесті. Тараптар геосаяси тұрақсыздық белең шақта "Өңірлік экосаммиттің" дер кезінде ұйымдастырылғанын атап өтті. Делегация Қазақстан ұсынған бастамалардың өзектілігіне тоқталды. Екі жақ орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеу жолында ынтымақтастықты дамыта беретінін растады. Сондай-ақ, Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлымен де жүздесті.   Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға елдегі конституциялық реформаларды таныстырды. Әрі серіктестік деңгейін еселеп арттыруға келісті.