$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетімдер үйінің 43 мың түлегі заңды баспаналарына қолы жетпей жүр

Жетімдер үйінің 43 мың түлегі заңды баспаналарына қолы жетпей жүр

43 мың жетімдер үйінің түлегі заңды баспаналарына қолдары жете алмай жүр. Себебі, тұрғын үйге кезекке қою кезінде заңбұзушылық көп, - дейді сенатор Андрей Лукин. Айтуынша, жергілікті атқарушы органдар квоталарды бөлу кезінде салғырттыққа жол беруде. Сенатор бұл мәселе бойынша реттеу механизмдерін күшейту, атап айтқанда, кешенді жол картасын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға өзгеріс енгізу қажеттілігін тілге тиек етті.

АНДРЕЙ ЛУКИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жетімдер үйінің түлектеріне берілуі тиіс болған 60 мың баспананың тек 7 мыңына ғана жетім балаларға бөлінген. Бұл көрсетілген көлемнің тек 11,8 пайызынан аспай тұр. Кәмелет жасқа толған жетімдер үйінің түлектері неге баспаналы болмай тұр десек, олардың алдында өзге де ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғаны қынжылтады. Олар 18 жасқа толғанымен заң жүзінде құқықтары қорғалмай тұрғандықтан, ары қарай да өздері түлеп ұшқан мекемелерде тұрып жатыр.