$541.34 €640.73 ₽6.53
×

9 жыл бұрын жоғалған адамның сүйегі табылды

9 жыл бұрын жоғалған адамның сүйегі табылды

Семейде 9 жыл бұрын жоғалып кеткен 27 жастағы ер адамның сүйегі Қызылордадан табылды. Оның жеке басы ДНҚ сараптамасы арқылы анықталды. 2017 жылы анасы Полицияға шағымданғанымен ол кезде оның жүрген жерін нақтылау мүмкін болмапты. Арада жылдар өткенде криминалистиканың озық әлеуеті негізінде хабар-ошарсыз кеткен азаматтың жеке басын анықтауға жол ашылған.

ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жүргізілген ДНҚ сараптамалары мен заманауи криминалистикалық әдістердің нәтижесінде полицейлер марқұмның жеке басын анықтады. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу және хабар-ошарсыз кеткендердің тағдырын анықтау жұмыстары жалғасуда. Заманауи тергеу тәсілдері мен криминалистиканың мүмкіндіктері қылмыс жасалған уақытқа қарамастан тұлғаларды анықтауға және қылмыскерлерді табуға мүмкіндік береді.