Ел ертеңі - жастар. Сондықтан оларды қоғамдық жұмыстарға тарту маңызды. Осы мақсатта «AMANAT» партиясының өкілдері Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттеріменжәне аймақтың белсенді жастарымен кездесіп, партиялық бастамаларды іске асыру мен мемлекеттік аппаратты жаңғыртудағы жастардың рөлін талқылады. Студенттер алдында сөз сөйлеген партияның ұйымдастыру-аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары Жандос Қалтаев партияның жаңа кадрлық саясаты аясында жастарға жоғары сенім артылып отырғанын, ал алдағы саяси оқиғалар жаңа көшбасшыларға жол ашатынын атап өтті. Бастамашыл әрі креативті жастарды қолдауға және жұмысқа орналасуына көмектесуге дайын екендіктерін жеткізді. Университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты Мұхтар Төлеген оқу орны жастарының оқуда және спорттағы жетістіктерін тілге тиек етті. Салтанатты жағдайда үздік студенттерге алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
МҰХТАР ТӨЛЕГЕН, С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ РЕКТОРЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз апта сайын студенттермен бірге университетіміздің, қаламыздың және жалпы облысымыздың аумағын тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Біздің студенттер «Таза Қазақстан» шараларының барлығына белсенді қатысады. Олар мұны саналы түрде істейді, өйткені студенттеріміз бен оқытушылар құрамында экологиялық мәдениет қалыптасқан. Бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастырамыз.