$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада «Жастар және сайлау» республикалық форумы өтті

Қызылордада «Жастар және сайлау» республикалық форумы өтті

Жастарға сайлаудың рөлі мен азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуының маңызын кеңінен түсіндіру өзекті. Осы мақсатта Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті.

«Жастар және сайлау» атты республикалық форумда әрбір саяси науқанның, азаматтардың қабылдаған шешімінің ел болашағы үшін қандай салмағы бары нақты айтылды. Әлемдік тәжірибелер, сайлау жүйесін цифландыру барысы сөз болып, жастар сауалдарын жолдады. Оған еліміздің барлық қалаларынан «Жас сайлаушылар клубының» және аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері қатысты. Жиын соңында университет пен Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы арасында меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, студенттерге сайлау мәдениетін, дауыс беру ережелерін бүге-шүгесіне дейін түсіндіруге мақсатында арнайы дәрісхана ашылды.

АЙНҰР ИСАЕВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге арнайы сайлау құқығына қатысты, ұлттық, республикалық референдумға қатысты тәжірибелік дәрістер өтетін болады. Жоспарға сәйкес Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері дәріс қонақтарын өтетін болады.

АЙҒАНЫМ ҚАЛИЕВА, ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Осындай ашық диалог арқылы пікірімізді жеткізе аламыз деп ойлаймын. Бұл жастардың саулау, саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ. Біздің сақсат белсенді, сауатты және саналы сайлаушылардың қатарын қалыптастыру.