Бүгін елордада Орталық Азиядағы ең ірі кітап көрмесі аясында ақын Маралтай Райымбекұлының «Ақ батпырауық» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті. Шараға қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар қатысты. Экзистенциализм бағытында жазылған туынды оқырманға автордың ішкі толғанысы мен терең философиялық ізденістерін ұсынады.
МАРАЛТАЙ РАЙЫМБЕКҰЛЫ, КІТАП АВТОРЫ:
Мына түйсікте демалып жататын нәрселер болады. Қабат-қабат қатпарлы. Сол нәрселер осыдан 2-3 жыл бұрын қайта қолға қалам алуға келді. Содан мен өзіме талап қойдым күніне 1 өлең жазам деп. 2024 жылы "Ақ батпырауық" болып Сардар баспасынан жарық көрді. Бүгін міне сәті келіп, кітап мерекесіне орай тұсауын кесіп отырмыз.