$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Кітап күніне орай «AMANAT» партиясы «KÜY» романының таныстырылымын өткізді

AstanaTV
23.04.2026ж. 19:00
Кітап күніне орай «AMANAT» партиясы «KÜY» романының таныстырылымын өткізді

Ал Алматыда «KÜY» романының таныстырылды. Оған «AMANAT» партиясы ұйытқы болды. Іс-шара отандық мәдениетті қолдау және кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Роман республикалық «Ерлік пен еңбек дастаны» әдеби байқауында жеңімпаз атанып, сарапшылар тарапынан жоғары бағаланған. Кездесу барысында кітап мазмұны талқыланып, автормен жүздесу өтті.

ҚУАНЫШ ТӨЛЕПОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұны өткізудегі мақсатымыз — жалпы «Кітап-Аманат» жобасының құрылу мақсаты, осындай жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау, мынау кітап пен оқуға деген құштарлықты мынау өскелең ұрпақтың алдында және оқырман ұлтты қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатта бүгін арнайы осы қала жастарын, белсенді жастарды, оқырмандарды жинап, осындай кездесу өткізгелі отырмыз.

ӘЙГЕРІМ ОСПАНОВА, АВТОР, ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ АРТ-МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Күй» романы тек музыкалық шығармамен ғана байланысты емес, адамның рухани картасын бейнелейтін туынды. Аудиториясы, жалпы өзін тануға ұмтылатын, өз дәстүрін... дәстүріне қызығатын, дәстүрін ұғынуға ұмтылатын заманауи туынды деп есептеймін. Жалпы жас қауымға көбіне арналған туынды.