Атырау қаласы, Авангард-4 ықшамауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Автосатының көмегімен және баспалдақ маршы арқылы 10 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Сонымен қатар 30 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында аса ауыр салдардың алдын алу мүмкін болды.