$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада заңсыз металл қабылдау пунктінің қызметі тоқтатылды

Астанада заңсыз металл қабылдау пунктінің қызметі тоқтатылды
polisia.kz

Елорда полициясына зират аумағынан қоршаулардың ұрланғаны туралы арыз түсті. Белгісіз тұлғалар еркін пайдаланып, металл конструкцияларды жасырын түрде алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген заңсыз металл қабылдау пунктін анықтады. Белгілі болғандай, оны 38 жастағы ер адам ұйымдастырып, металл қабылдаумен айналысқан. Тексеру кезінде аумақтан 8 металл қоршау, 11 құлпытас, 2 крест және 2 металл үстел табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұрлыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері күмәнді шығу тегі бар мүлікті сатып алу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Азаматтарға заңсыз металл қабылдау және өзге де құқық бұзушылық фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлау ұсынылады.