$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда полицейлер ірі көлемде ақша ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Оралда полицейлер ірі көлемде ақша ұрлаған күдіктіні қолға түсірді
Polisia.kz

Анықталғандай, 6–20 сәуір аралығында 35 жастағы күдікті жәбірленушімен таныс бола отырып, пәтеріне еркін кіріп, жатын бөлмеден ақшаны жасырын түрде қолды қылған.

45 жастағы облыс тұрғынына келтірілген жалпы шығын 1,6 млн теңгеден асады. Оның ішінде ұлттық және шетел валютасындағы қаражаты болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған ақшаны қарыздарын өтеуге жұмсағанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарды кез келген сәтте сақ болуға шақырады.